Қоғам
Өскеменде бір ай бұрын жоғалып кеткен 19 жастағы қыздың өлі денесі табылды
- автор Томирис Тоныкөк
- 15 желтоқсан, 2024
- 194
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр
12 қарашада жоғалып кеткен 19 жастағы Әнел Еріктің өлі денесі табылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Шығыс Қазақстан облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, қыздың денесі Үлбі өзенінің жағасынан табылды.
“Полиция қызметкерлері 13 желтоқсанда Өскеменнің Протозанов көшесінен Үлбі өзенінің жағасынан бұған дейін із-түзсіз жоғалған 19 жастағы Әнел Еріктің мәйітін тапты. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
Салтанат Нүкенованың анасы ешкім білмейтін сырымен бөлісті
- авторТомирис Тоныкөк
- 18 желтоқсан, 2024