Мәдениет
“Төсегіме әкеліп береді”: Айгүл Иманбаева күйеуінің тамақ пісіріп, үнемі еркелететінін айтты
- автор Томирис Тоныкөк
- 16 желтоқсан, 2024
- 206
Түсті асты мен дайындасам, таңғы асты күйеуім дайындайды
Әнші Айгүл Иманбаева күйеуінің тамақ жасайтынын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы “Жарқыраған жұлдыз" бағдарламасында айтты.
“Мен күйеуімнің қасында бейқаммын, еш уайымым жоқ. Тек ұйқымды қандырып, еркелеп жүремін. Таңғы асыма дейін төсегіме әкеліп береді. Мені солай еркелетіп отырады. Жақсы нәрсеге етің тез үйренеді. Тіпті тамағымды істейді. Кейде үйде тамақ істегің келмей қалады. Түсті асты мен дайындасам, таңғы асты күйеуім дайындайды. Осылай бөліп алғанбыз. Кешкі ас ішілмейді. Екеуміз жарысып кітап оқимыз. Оқыған кітаптарымызды талдап, дискуссия жасаймыз. Осындай қызық нәрселер бар. Кейде бәрі кинодағыдай болып кетеді. Бірақ өмірде шынымен де сондай күйеулер бар екен", - деді Айгүл Иманбаева.
Келесі мақала