Куркума мен алма сірке қышқылын ішкен әйел ауыр дертке шалдықты (ФОТО)
- автор kyn.kz
- 17 желтоқсан, 2024
- 1.3k
53 жастағы Шымкент тұрғыны ғаламторда тараған ем тәсілін қолданамын деп аса ауыр тері ауруына ұшырады. Оның қазіргі кейпі жан түршігерліктей. Өйткені денесі тұтас қою күлгінге айналып, терісінің кей жерлері түлеп жатыр. Бір көрген жанның денесі тітіркенеді. Ол денесіндегі дертті әбден ушықтырып алған тұста дәрігер көмегіне жүгінген.. Дәрігерлер оған ауыр диагноз қойып, жұртты көрінгеннің кеңесіне салынып, үй жағдайында емделмеуге шақырды.
Оқиға Шымкентте болған. Бұл туралы №2 қалалық аурухананың бас дәрігері Бақытжан Позилов айтып берді.
"53 жастағы әйел қан қысымын төмендету үшін интернеттегі кеңестерді қарап, алма сірке суы мен куркуманы араластырып ішкен. Соның салдарынан ол анафилактикалық шокқа түсіп, ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. Диагнозы: Лайелл синдромы - аллергиялық буллезді дерматиттің ең ауыр түрі", - деді дәрігер.
Аяз, тұман: 17 желтоқсанға арналған ауа райы
Ұқсас жаңалықтар
Шымкентте дәрігерлер жүрегі 10 минут тоқтаған ер адамды тірілтті
- авторkyn.kz
- 7 желтоқсан, 2024
Ұйқының қанбауынан туындайтын проблемалар, ұйқыны жақсартудың жолдары
- авторkyn.kz
- 6 желтоқсан, 2024