Басты жаңалықтар
«Шарап ішкізген»: Абай облысында өгей қызын зорлаған ер адам өмір бойына сотталды
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 14:40
- 146
Диванда жатқан ол өгей қызын телефондағы фильмді көруге шақырған
Абай облысында өгей қызына зорлық-зомбылық жасаған ер адам өмір бойына сотталды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Әйелінің жоқтығын пайдаланған Азамат С. 12 жасар өгей қызына шарап ішкізіп, зорлаған.
Сот хабарламасында айтылғандай, диванда жатқан ол өгей қызын телефондағы фильмді көру үшін қасына шақырған. Бала қарсылық көрсеткеніне қарамастан, күш қолданған.
Сот қылмыстық кодекстің 121 — бабының 4-бөлігі - жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық бойынша сотталушыны кінәлі деп тапты. Прокурордың сұрауымен, ер адам қатаң режимдегі колонияда өмір бойына бас бостандығынан айырылды.