Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматы метросында зағип жан қаза тапты: Досаев қандай шара қабылданғанын айтты

Алматы метросында зағип жан қаза тапты: Досаев қандай шара қабылданғанын айтты
Сурет: the-steppe.com
Досаев бұл іс бойынша қазіргі кезде қызметтік тексеріс жүргізіліп жатқанын, полиция департаменті де тергеу-амалдарын бастағанын айтты.

Брифинг барысында Алматы әкімі Ерболат Досаев Алматы метросындағы кісі қазасынан кейін вагондардың арасындағы ашық қалған орындарға турникеттер қойылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Брифинг кезінде журналистердің бірі Ерболат Досаевтан жақында Алматы метросында зағип жанның қайтыс болғанын еске салып, зағип жандар үшін қала қашан ыңғайлы болатынын сұрады.

"Бәріміздің жүрегімізге тиген оқиға болды. Отбасына қайғырып көңіл айтамыз. Келесі жылы платформаға арнайы турникеттерді бекітеміз. Екі вагонның ортасы бос болып қалған. Сол екі вагонның арасын жалғайтын турникеттер келесі жылы қондырылады. Екіншіден, өздеріңіз видеода көргендеріңіздей, сол жағдай кезінде қасында жас жігіттер болды. Осындай көмекке зәру адамды көрсек көмектесейік, қолымызды созайық. Алматы біздің ортақ үйіміз ғой. 2025 жылға тапсырыс бердік. Турникеттер қойылатын болады. Иә, Алматы қаласының қазіргі инфарқұрылымы қажеттілігі бар адамдар үшін барлық талапқа сай жасалмаған", - деп жауап берді Ерболат Досаев.

Досаев бұл іс бойынша қазіргі кезде қызметтік тексеріс жүргізіліп жатқанын, полиция департаменті де тергеу-амалдарын бастағанын айтты. 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар