Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

“Ұзынағаштағы уақытша ұстау изоляторында отыр”: Қаржаубайдың қарындасының адвокаты сот шешімімен келіспейтінін жеткізді

“Ұзынағаштағы уақытша ұстау изоляторында отыр”: Қаржаубайдың қарындасының адвокаты сот шешімімен келіспейтінін жеткізді
Сурет: ашық дереккөздерден
Бақытқа заңсыз демонстрация, пикетке үндеді деген айып тағылған

Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовтың қарындасы Бақыт Реимова Ұзынағаш изоляторында отырғаны белгілі болды. Оған “митингке үндегені үшін” деген айып тағылып, 15 тәулікке жабылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Сот Реимованы Қазақстаннан депортациялау жөнінде шешім шығарған. Бірақ адвокаты мұнымен келіспейтінін жеткізді. Бұл туралы блогер Жан Ахмадиев адвокат Мейірман Шекеевтің пікірін сұраған.

“Бақыт қазір Ұзынағаштағы уақытша ұстау изоляторында отыр. Біз сол жерге барып қайттық. Апеляциялық шағымды дайындап қойдық. Оған Әкімшілік кодекстің 488-бабының 8-бөлігі бойынша айып тағылған. Яғни шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар жасаған әрекет бойынша қамауда отыр. Қазақстаннан депортациялау жөнінде жаза кесілген. Біз мұнымен келіспейміз. Қаулыда бірнеше заңбұзушылық бар. Бақытқа заңсыз демонстрация, пикетке үндеді деген айып тағылған. Бірақ заңдағы анықтамаға сәйкес мұндай заңсыз жиынға шақырудың ұйымдастырушысы болады. Реимованың ондай кінәсі дәлелденбеген. Сосын баласының құжатын сұратқан. Баласы Қазақстанда дүниеге келген. Бала мен ананы ажыратуға болмайды. Қазақстан ана мен баланы ажыратпауға міндетті. Сот осы халықаралық шартты өрескел бұзған. Бақыттың этникалық қазақ екені ескерілмеген. «Қандас» деген құжаты бар. Оларды депортациялауға болмайды. Өйткені баратын жері жоқ. Отаны – Қазақстан. Біз кінәсіздігін дәлелдеп, Қазақстанда қалдыруға тырысып жатырмыз”, – дейді Мейірман Шекеев.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар