Қоғам
Маңғыстау облысында әкімдік ғимараттың алдында өзін өртеген ер адамның қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 13:08
- 61
Алайда, бұл ақпарат расталмаған
Маңғыстау облысында әкімдік ғимараттың алдында өзі-өзін өртеген ер адам көз жұмды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Lada.kz сайтына сілтеме жасап
Алайда, бұл ақпарат расталмаған.
Басылымның мәліметінше, 18 желтоқсан күні облыстық әкімдік ғимаратының алдында өзін өртеп жіберген азаматтың қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады.
Осыған дейін ер адамның ауыр жағдайда екенін және арнайы тыныс алуын сақтау үшін жасанды желдету аппаратына қосылғаны жаздық.