2026 жылы мектеп бағдарламасына өзгерістер енгізіледі
- автор Томирис Тоныкөк
- 19 желтоқсан, 2024
- 276
2026 жылдан бастап мектептерде білім саласында айтарлықтай реформалар енгізіледі, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі "Атамекен бизнес" каналына сілтеме жасап.
«Білімнің мазмұндық өзегі» деген жаңа ұғым пайда болады. Бұл - ұлттық құндылықтарды білім арқылы дәріптеуді мақсат етеді.
Айталық, 5-6 сынып оқушылары реформадан кейін алгебра мен геометрия пәндерін қосып, "математика" пәні ретінде оқиды. Бұрын бұл пәндер 200 сағат оқытылса, жаңа бағдарлама енгізілгеннен кейін оқушылар 180 сағат қана оқитын болады.
Сонымен бірге, «Тәрбие сағаты» сияқты қосымшалар бұдан былай бекітілген пәндерге енгізіледі, яғни өзегі болады.
«Түскі формат» бағдарламасына қатысқан Әділхан Дүйсебектің сөзінше ұсынысты «Ұлттық құндылықтар академиясы» өкілдері енгізіп, жобаны әзірлеушілер қабылдаған.
Ұқсас жаңалықтар
Ақтаудағы ұшақ апаты: Бозымбаев мәлімдеме жасады
- авторТомирис Тоныкөк
- 24 қаңтар, 2025
«-2 градус жылы»: демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы
- авторТомирис Тоныкөк
- 24 қаңтар, 2025