«Анамнан басқа ешкімім жоқ»: Шерзат Полаттың әпкесінің ұлы Тоқаевқа үндеу жолдады
- автор Томирис Тоныкөк
- 19 желтоқсан, 2024
- 222
Талғардағы жанжал кезінде қаза тапқан жасөспірім Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов жақында 15 тәулікке қамалды. Оның қарындасы Бақыт Реимоваға да «митингке үндегені үшін» деген айып тағылып, 15 тәулікке жабылды. Сонымен қатар Реимованы сот Қазақстаннан депортациялау жөнінде шешім шығарған. Осы ретте Бақыт Реимованың ұлы Мейірбек президентке видео үндеу жолдады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.
«Құрметті президент Қасым-Жомарт Кемелұлы! Мен Бақыт Реимованың баласымын. Сот менің анамды 15 тәулікке қамап, Қазақстаннан депортациялау жөнінде үкім шығарған болатын. Ол кісі менің жалғыз асыраушым. Өзім кәмелет жасқа толмағанмын. Мектепте 11-сыныпта оқимын. Анамнан басқа ешкімім жоқ. Сондықтан анамнан айырмауларыңызды өтінемін. Анамның Қазақстаннан басқа баратын жері жоқ. Екеуіміз де қазақпыз. Елім үшін қызмет еткім келеді. Егер сот анамды ел аумағынан шығарар болса, бір-бірімізді бес жылға дейін көре алмайды екенбіз. Бұл үкімді өз бақылауыңызға алуды сұраймын», - дейді Мейірбек.
Айта кетейік, бұған дейін адвокат Мейірман Шекеев Шерзат Болаттың әпкесін Қазақстаннан депортациялауға жол бермеуге тырысып жатқандарын айтқан еді.
Ұқсас жаңалықтар
Павлодар облысында мұғалім оқушының үстінен арыз жазды
- авторТомирис Тоныкөк
- 19 желтоқсан, 2024
Шерзат Полаттың әкесінің қамаудан қашан шығатыны белгілі болды
- авторТомирис Тоныкөк
- 19 желтоқсан, 2024