«Көлігін сырып кеткені үшін»: Атырауда базарда әкесіндей адамды ұрып өлтірген кәсіпкер сотталды
- автор Томирис Тоныкөк
- 19 желтоқсан, 2024
- 8
Базарда әкесіндей адамды ұрып өлтірген атыраулық кәсіпкер сотталды. Көлігін сырған кісіні өлімші етіп сабаған ол енді алдағы сегіз жылын абақтыда өткізбек, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі КТК жаңалықтарына сілтеме жасап.
Бұл қайғылы оқиға маусым айында болған. Егде жастағы «Газель» көлігінің жүргізушісі тұрақта, абайсызда «Мерседес» көлігін сырып кетеді. Жеңіл көліктің ішінен атып шыққан жүргізуші әкесімен қатарлас адамды аяусыз соққыға жығады. Зейнеткер ауыр соққыдан ес жимастан ауруханада қайтыс болған. Ал сегіз жылға сотталған Ахмедов марқұмның әйелі мен ұлына, яғни жәбірленушілердің әрқайсысына 10 миллион теңгеден материалдық өтемақы төлеуге міндеттелді.
«Ахмедов Мұхтар Хафизовичті ҚК 106-бабы, 3-бөлігімен кінәлі деп танып, оған 8 жыл мерзім бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Жаза өтеу орны болып қылмыстық атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесі тағайындалсын. Жаза өтеу мерзімі 2024 жылғы 6 маусымнан бастап есептелінсін», - деді судья Зәуре Қазақбаева.
Ұқсас жаңалықтар
2026 жылы мектеп бағдарламасына өзгерістер енгізіледі
- авторТомирис Тоныкөк
- 19 желтоқсан, 2024