Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

“Мен кабинетімде болдым”: Маңғыстау облысының әкімі өз-өзін өртеп жіберген ер адам туралы айтты

“Мен кабинетімде болдым”: Маңғыстау облысының әкімі өз-өзін өртеп жіберген ер адам туралы айтты
Сурет: фотоколлаж KYN.KZ
Әкімдік ғимаратының алдында өзін өртеген ер адамның артында бала-шағасы қалған

Орталық коммуникациялар қызметінде Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдан журналистер әкімге кіре алмай өз-өзін өртеп жіберген азамат туралы сұрады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

"Бұл жағдай мен үшін де өте өкінішті. Қарақия ауданына барғанда түнге дейін, ең соңғы тұрғынға дейін қабылдадық. 

Ал марқұм туралы, қайтқан адам жайында артық сөз айтқым келмейді. Иманды болсын!”, - деді ол.

Айтуынша, оқиға болған күні әкім кабинетінде болған. 

“Оқиға болған күні мен кабинетімде болдым. Бірақ облыс әкімі күні бойы адамдарды қабылдай бермейді ғой, регламент бойынша біздің де басқа жұмыстарымыз бар. Ал марқұммен орынбасарым да, басқа да жауапты азаматтар да кездесіп сөйлескен. Маған да өкінішті. Артында бала шағасы қалды", - дейді облыс әкімі.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар