Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

“Жыныс мүшемді бұрап, зорлық көрсетті”: Түркістан облысында шопан полицейден қорлық көргенін айтты

“Жыныс мүшемді бұрап, зорлық көрсетті”: Түркістан облысында шопан полицейден қорлық көргенін айтты
Сурет: видеодан скриншот
Малшының айтуынша, Жәрменов екі орынбасарымен бірге оны кешкі уақыттан бастап келесі күні таңғы 04.00-ге дейін ұрып-соққан

Шардара ауданында, дәлірек айтқанда, қазақ-өзбек шекарасында біреудің малын бағатын шопан Нартай Хужанов аудандық полиция бөлімі басшысының орынбасары Нұрлан Жәрменовтен қорлық көргенін айтып, мәлімдеме жасады, деп хабарлайды  KYN.KZ ақпарат агенттігі Azattyq Rýhy  сайтына сілтеме жасап.

Шопанның айтуынша, бұл оқиға осы жылдың қыркүйегінде болған. Содан бері басынан өткен мәселені айтып, құзырлы органдарға барғанымен, олар шопанның арызына бей-жай қараған көрінеді. Сондықтан, малшы кісі Шардара ауданындағы заңгерлік көмек беретін кеңсеге келген.

«Нұрлан Жәрменов маған «сен менің 8 ешкімді сатып жібердің» деді. Мені ұрып-соғып, басыма пакет кигізді, аузымды скотчтады. Жыныс мүшемді бұрап, маған зорлық-зомбылық көрсетті», - дейді малшының өзі.

Оған көмек қолын созып жатқан заңгердің айтуынша, ешкіні сатқан Жәрменовтің өз малшысы. Яғни, дереккөзге сүйенсек, полиция басшысының орынбасары малшы жалдап отыр екен. Заңгердің айтуынша, Жәрменовтің малшысы қашарларды негізінде мүлде басқа адамға сатқан. Бірақ, қағазда сатып алған осы малшы, яғни, Нартай Хужанов деп көрсеткен.

Малшының айтуынша, Жәрменов екі орынбасарымен бірге оны кешкі уақыттан бастап келесі күні таңғы 04.00-ге дейін ұрып-соққан.

Біз осы мәлімдемеге қатысты Түркістан облысының полиция департаментінен ақпарат күтіп отырмыз.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар