Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

“Өзін электрик деп таныстырған”: Алматыда ер адам ерлі-зайыптыға пәтерінде оқ атты

“Өзін электрик деп таныстырған”: Алматыда ер адам ерлі-зайыптыға пәтерінде оқ атты
Сурет: perm.aif.ru
Полиция бұл оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғады

Алматыда ер адам тұрғын үй кешенінің біріндегі пәтерге кіріп, ерлі-зайыптыға оқ атты. Қазір күдікті іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі almaty_press-ке сілтеме жасап.

Оқиға Наурызбай ауданындағы Nef Uptown тұрғын үй кешенінде болды. Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті өзін электрик ретінде таныстырып, кешен аумағына кірген. Кейін бір пәтерге кіріп, үйде болған ерлі-зайыптыға оқ атқан.

«Ерлі-зайыпты ауыр жарақат алған. Әйелдің кеудесінен жарақат алғаны және қолының сынғаны хабарланды. Ер адамның жағдайы өте ауыр: бес сағатқа созылған отадан кейін ғана есін жия бастаған. Қазіргі уақытта олар ауруханада дәрігерлердің бақылауында», — делінген хабарламада.

Тергеушілер шабуылдың негізгі мақсаты тонау болуы мүмкін деп болжайды. Алайда күдікті оқиға орнына полиция келмес бұрын қашып кеткен.

Nef Uptown тұрғындары бұған дейін тұрғын үй кешенінде уәде етілген бейнебақылау жүйесінің жоқтығына бірнеше рет шағымданған.

«Полиция бұл оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғады және қылмысты ашуға бағытталған жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр. Ерлі-зайыпты шамамен 40 жаста. Ер адам сақтандыру компаниясында жұмыс істесе, әйел спортшы балалардың тәрбиесімен айналысады. Оқиға болған кезде олардың балалары үйде болмаған», — делінген хабарламада.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар