Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Бейшара мұғалімдерді жұмсайды»: Семейде шырша безендіру кезінде құлаған мұғалімнің әйелі оқиға туралы айтты (ВИДЕО)

«Бейшара мұғалімдерді жұмсайды»: Семейде шырша безендіру кезінде құлаған мұғалімнің әйелі оқиға туралы айтты (ВИДЕО)
Сурет: Видеодан скриншот
Сымбат Аянқызы бұл оқыс оқиғаға білім бөлімі ғана емес, әкімдік те кінәлі дейді

Семейде жаңажылдық шыршаны безендіру кезінде биіктен құлап кеткен мұғалім Қуат Айтқалиевтің жары оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Сымбат Аянқызы да мектеп мұғалімі. Ол оқиғаның қалай болғанын айтып берді. Сөзінше, бір күн бұрын күйеуінің досы шырша құруға бұйрық түскенін хабарлаған.

"Безендіру кезінде 4 метр биіктіктен құлаған. Оқиға орнына бірден бардым. Мен келсем операцияға алып кеткен екен. Дәрігерлер жағдайын өте ауыр деп бағалады. Жолдасымның бас сүйегі сынған", - дейді келіншек. 

Сымбат Аянқызы бұл оқыс оқиғаға білім бөлімі ғана емес, әкімдік те кінәлі дейді.

"Бұған тек білім бөлімі ғана емес, әкімдік те кінәлі. Әкімдік тікелей білім бөліміне бұйрық берген. Бұл - әкімдіктің шыршасы. Оған апарып бейшара мұғалімдерді жұмсайды. Жолдасымның жағдайы қалай болатынын білмеймін", - деді ол. 

Әйелі күйеуіне басшылық бұйрық бергенін айтты.

"Жоқ, ол өз еркімен барған жоқ. Оларға барыңдар деп айтты. Сенбі күні жұмысқа шыққаны үшін қосымша ақша төлейді деп ештеңе айтпаған да. Директор айтты деп барды", - дейді Сымбат Аянқызы.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар