Саясат
Семейде шырша тоқиғасынан кейін жаңа әкім сайланды
- автор Томирис Тоныкөк
- 23 желтоқсан, 2024
- 45
Талғат Мұратов 2022 жылдың қазан айынан бері Бесқарағай ауданының әкімі қызметін атқарып келген
Талғат Мұратов Семейдің жаңа әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Ол бұған дейін Бесқарағай ауданын басқарған. Бұл туралы қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы барысында белгілі болды.
Талғат Мұратов 2022 жылдың қазан айынан бері Бесқарағай ауданының әкімі қызметін атқарып келген.
2022 жылдың 7 қазанында Семей қаласының әкімі болып Нұрбол Нұрсағатов тағайындалған еді. Алдын ала мәліметтер бойынша, Нұрбол Нұрсағатовтың қызметінен кетуіне шырша безендірген мұғалімнің биіктен құлауы себеп болуы мүмкін.