Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Bek Air» ұшағы апатына қатысты тергеу қайта басталуы мүмкін

«Bek Air» ұшағы апатына қатысты тергеу қайта басталуы мүмкін
Сурет: alamty.tv
Ведомство басшысы тергеу барысын өзі қадағалап, назарда ұстайтынын айтты

2019 жылы Алматы маңында апатқа ұшыраған «Bek Air» әуекомпаниясының ұшағына қатысты тергеу ісі қайта басталуы мүмкін, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Orda.kz. сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы Көлік министрі Марат Қарабев айтты.

Министр Қарабаев «Bek Air» әуекомпаниясының «Fokker-100» ұшағы апатқа ұшырауына қатысты істің аяқталғанын еске түсірді. Бірақ бес жылға жалғасқан бұл атышулы апаттың тергеу ісі қайтадан жандануы мүмкін екен. 

«Қазір әуекомпанияның бір қызметкерінен түскен шағым бар, оған сәйкес тергеуді қайта бастау туралы мәселе қаралуда», – деді Қарабаев мәжіліс кулуарында.

Ведомство басшысы тергеу барысын өзі қадағалап, назарда ұстайтынын айтты.

«Мұны біздің ведомствоның департаменті жасайды және бұл менің функционалдық міндеттерімнің бірі», – деді министр. 

Қайғылы оқиға 2019 жылы болған еді. Алматыдан Нұр-Сұлтан қаласына бағыт алған ұшақ таңғы 07 :22 кезінде апатқа ұшыраған. № Z2100 рейсті ұшақ көтерілу биіктігін жоғалтып, бетон қоршауды бұзып, екі қабатты құрылыс нысанымен соқтығысқан. Әуе апаты салдарынан 12 адам көз жұмды. 49 адам зардап шеккен. Ұшақ бортында 93 жолаушы мен экипаждың 5 мүшесі болған.

Мемлекет басшысы 28 желтоқсанды жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялаған еді.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар