Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

“Бұрынғымен салыстырасың”: Алтынай Жорабаева күйеуінің өзіне деген қамқорлығын айтты

“Бұрынғымен салыстырасың”: Алтынай Жорабаева күйеуінің өзіне деген қамқорлығын айтты
Сурет: ашық дереккөздерден
Әдейі мақтанып немесе сіздерді шағыстырып отырған жоқпын

“Құрмет” орденінің иегері, әнші Алтынай Жорабаева екінші күйеуін мақтап, оның қамқорлығын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Айтуынша, күйеуі қамқорлық жасағанды ұнатады. 

“Көлігімнің майын ауыстырып, ішетін суыма дейін дайындап қояды. Әлішердің осындай қамқорлығын көрсеткенде көп әйел маған ренжиді: “Сіз осылай айтасыз, біздің еркектеріміз мұның біреуін де істемейді” деп жазады. Олай ер-азаматтарыңызға ренжімеңіздер! Әдейі мақтанып немесе сіздерді шағыстырып отырған жоқпын. Бұл кісінің табиғаты сондай. Бірақ “Бұрынғымен салыстырасың, “қандай болдым” деген сияқты ойлардың болатыны жасырын емес. Кейде өзінен де сұраймын: “Неге осылардың бәрін өзің жасайсың, маған неге жасатқың келмейді” деп. “Мұндай тірліктер менің еркек ретіндегі – міндетім. Менің қалауым. Өзім осындай қамқорлық жасағаннан ләззат аламын. Кім не ойласа да – ол оның ойы” деді. Осындай сөздеріне қуанамын”, – деді әнші. 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар