«Келесі жыл келмей қоятын сияқты»: Айгүл Иманбаева Қазақстан мен Англияның жаңа жыл тойлау дәстүрін салыстырды
- автор Томирис Тоныкөк
- 25 желтоқсан, 2024
- 261
Белгілі әнші, әрі актриса Айгүл Иманбаева Қазақстан мен Англиядағы Жаңа жылды салыстырып, таңғалды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Айгүл Иманбаева Instagram-дағы парақшасында жазба қалдырды. Айтуынша, англиялықтар жаңа жылды 25 желтоқсанған дейін тойлап тастайды екен.
"Қызық, біздің елде 31 желтоқсан түнгі 00:00-де жаңа жылды кәдігімгідей "5 минут қалды, 10 мин қалды" деп күтіп алмасаң, келесі жыл келмей қоятын сияқты. Кеңес үкіметіндегі үрдіспен күтіп алады. Ал мына Англия елінде қараша айынан желтоқсанның 25-не дейін "Christmas" деп сұмдық дайындалады, тойлайды. Содан 26 желтоқсан күні көшеде туристерден басқа адам жоқ. Барлық жер жабық, тіпті метро да бір-екі күн жүрмейді. Осындай қызықтар бар", - деп жазды Иманбаева.