“Ұшақ апаты болған жерді түсіргенім үшін”: Маңғыстау полициясы блогерді ұстап әкетті
- автор Томирис Тоныкөк
- 25 желтоқсан, 2024
- 1.5k
Маңғыстау полициясы жергілікті блогер Азамат Сәрсенбаевты ұстап әкетті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Блогердің жазуынша, оны апат болған жерде түсірілім жасағаны үшін ұстаған.
“Мені ұстады. Ақтау қаласының ПБ-сына бара жатырмын. Болжам бойынша, ұшақ апаты болған жерді түсіргенім үшін.
P/S Қазіргі сәтте @reuters, @guardian, @bbcnews, @lemondefr және басқа да бүкіл әлемдік БАҚ менің фотосуреттерімді пайдаланып жатыр... P/S P/S Осы жағдайдан шын көңіліммен күліп отырмын, өкінішке қарай, бұл қуаныштан емес, жағдайдың абсурдтылығынан туындаған күлкі” дейді блогер инстаграмдағы парақшасында.
Айта кетсек, 25 желтоқсанда Ақтау әуежайының маңында ұшақ құлаған болатын.
Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі ұшақ Баку қаласынан Грозныйға бағыт алғанын мәлім етті.
ТЖМ министрлігінің дерегінше, бортта 69 адам болған, оның 5-еуі экипаж мүшесі. Оның ішінде 42 адам Әзірбайжан, 6 адам Қазақстан, 3 адам Қырғызстан, 16 адам РФ азаматы.