“Жаңа жылды қарсы алуға бара жатты”: Ләйлә Сұлтанқызы Ақтау маңында құлаған ұшаққа қатысты пікір білдірді
- автор Томирис Тоныкөк
- 25 желтоқсан, 2024
- 21.8k
Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы Ақтау маңында құлаған ұшаққа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Айта кетейік, Embraer 190 ұшағы Бакуден Грозныйға бет алған. Ақтау маңына құлады.
“Біреу үйіне жаңа жылды қарсы алуға бара жатты. Біреуді жұмысына анасы шығарып салды. Біреу саяхаттап шыққан шығар?! Біреу ғашығына асықса ше?!
Біреуді достары күткен болар… Біреу ата-анасына, бала-шағасына, жарына жете алмай қалды-ау?! Ажал айтып келмейді" дейміз ғой, бірақ жақынын жоғалтқан адамды ештеңе қазір жұбатпайды. Өте үлкен психологиялық көмек қажет.
67 тағдыр… Қазір құтқарушылар, дәрігерлер қолдан келгенше көмек беріп жатыр. Президент тапсырмасымен арнайы комиссия құрылды. Оны Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев басқарады. Президент Астанадан Ақтауға дәрігерлерді жіберіп, зардап шеккендерге барлық қажетті көмекті көрсетуге тапсырма берді”, – деп жазды журналист.