Қоғам
Ақтау маңында құлаған ұшақ апатынан бірер минут бұрын жолаушылардың түсірген видеолары пайда болды (ВИДЕО)
- автор Томирис Тоныкөк
- 25 желтоқсан, 2024
- 1.9k
Видеода адамдардың дұға оқып жатқаны естіледі
Бакуден Грозныйға ұшқан Embraer ұшағындағы апатқа дейін бірнеше минут бұрын түсірілген видео жарияланды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Субхон Рахимов ұшақта бір нәрсе дұрыс еместігін сезген кезде әйеліне видео жіберген.
Видеода адамдардың алаңдап, дұға оқып жатқаны, кейбір орындардың үстінен оттегі маскалары түсіп қалғаны көрінеді.
Нақты ақпаратқа сүйенсек, бортта оттегі баллоны жарылған. Соның салдарынан «Embraer» ұшағы басқару мүмкіндігін жоғалтып, Ақтау әуежайына жетуге үш минут қалғанда құлаған.
Кадрлардан адамдардың өлім қаупіне тап болғанда шахада айтып, Құдайға деген сенімдерін білдіріп жатқанын естуге болады.
Бұл эмоционалды бейне адамдардың қиын сәттегі жан тебіреністерін толықтай жеткізеді.