«Оқ атылған»: Әзірбайжан ұшағының апатқа ұшырауына қатысты түрлі болжамдар айтылуда (ВИДЕО)
- автор Томирис Тоныкөк
- 25 желтоқсан, 2024
- 2.3k
Ақтаудағы ұшақ апатына қатысты түрлі болжамдар айтылып жатыр, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Ұшақ апатынан аман қалған жолаушы Субхонкул Рахимовтың айтуынша, ұшақ Грозный ауданында екі-үш рет қонуға тырысқан. Бірақ жерге қона алмапты.
Кейін ұшақтағы жолаушылар жарылыс дауысын естіген.
«Мұны енді мамандар айтады – баллон болды ма, әлде басқа нәрсе ме… Жарылыс болды», – деп айтты ол.
Жолаушының айтуынша, борттағы маскаларда оттегі болмаған. Ол ұшақтың артқы орындығындағы масканы таққан. Артқы жақта отырған барлық адам тірі қалған.
Субхонкул Екатеринбургте тұрады, бір шаруалармен Баку арқылы Грозныйға ұшқан.
Commonwealth of Independent States Әзербайжан ұшағын украин дроны атып түсірді деп жазды.
"Ресей әуе кеңістігінде Әзербайжанның азаматтық ұшағына украиндық ұшқышсыз аппараттың шабуыл жасауы мүмкін деген нұсқалардың бірі қарастырылуда. Бұл туралы апатқа ұшыраған ұшақтағы оқ атылған іздер дәлел болуы мүмкін", делінген жазбада.
Бұл туралы "Чемодан госсекретов" телеграм арнасы да ұшақтың қанаттарында оқпен атқылаған немесе дронмен шабуыл жасаған кезде пайда болатын тесікшелер байқалғанын жазады.