Боди-массаждан 2 миллиард теңге табыс тапқан: астаналықтан пәтерлер, үйлер және Gelandewagen тәркіленді
- автор Томирис Тоныкөк
- 26 желтоқсан, 2024
- 509
ҚМА астаналық департаменті боди-массаж түрінде жезөкшелікпен айналысу үшін притонды ұйымдастырып, қылмыстық кірістерді заңдастыру арқылы алынған схеманы анықтады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
2021-2023 жылдар аралығында Астана тұрғыны жезөкшелікпен айналысу үшін притон ұйымдастырып, 2 миллиард теңге қылмыстық табыс алған.
"Follow the money (ақшаны қадағалаңыз) параллельді қаржылық тергеу күдіктінің шоттарына туыстары мен сенімді тұлғаларының банктік деректемелерін пайдалана отырып, заңдастырудың күрделі схемалары арқылы түскен барлық қылмыстық табысты анықтауға мүмкіндік берді.
Қылмыстық табысты заңдастыру мақсатында күдікті өз атына ЖШС тіркеп, ауыл шаруашылығы дақылдарын сатып алып, қайта сатқан. Осылайша, ол 88,5 миллион теңгені заңдастырып, 95 миллион теңге қылмыстық табысқа қолжеткізген", - делінген хабарламада.
Қылмыстық жолмен алынған қаражатқа күдікті:
- 350 мллион теңгеге салынып жатқан объектідегі ауданы 500 шаршыметр коммерциялық үй-жай;
- 92 мллион теңгеге өз баласына күтім жасап жүрген жөніндегі жалдамалы қызметкерге тіркелген жалпы ауданы 329,1 шаршыметр 5 екі бөлмелі пәтер;
- 667,5 мллион теңгеге Астанада жалпы ауданы 784 шршыметр жер учаскелері бар екі коттедж;
- 335,4 мллион теңгеге елорданың элиталық тұрғын үй кешендерінде жалпы ауданы 292 шаршыметр 2 пәтер мен тұрақ орын;
- 114 мллион теңгеге G63 маркалы Mercedes Benz автокөлігін сатып алған.
Сонымен қатар, тінту кезінде 50 миллион теңге мен бағалы зергерлік бұйымдар табылып, оларға тыйым салынған.
Тергеудің басталғанын білген күдікті тәркілеуден жалтару үшін 5 екі бөлмелі пәтерді 143,5 миллион теңгеге қайта сатып 51,5 миллион теңге қосымша қылмыстық табыс тапқан.
"Сот үкімі бойынша, ол жезөкшелікпен айналысу үшін притон ұйымдастырғаны және қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңдастырғаны үшін (ҚР ҚК-нің 309-бап, 218-бап 3-тармағы) 6 жылға бас бостандығынан айырылып, мүлікі мен пәтерлерді сату арқылы алынған ақшасы тәркіленді.
Тергеу нәтижесінде қылмыстық жолмен тапқан 2 миллиард теңгеден асатын қаражатқа сатып алынған барлық мүлік пен сол мүліктен түскен кірістері анықталып, тәркіленді".
Сонымен қатар, пәтерлердің иелері туралы жалған куәлік берген бала күтімі бойынша жалданған қызметкерге қатысты тергеу басталды.
Ұқсас жаңалықтар
Ақтау маңында құлаған ұшаққа қатысты жаңа мәліметтер шықты
- авторТомирис Тоныкөк
- 26 желтоқсан, 2024
Қызылордада оқушы қызды жезөкшелікке мәжбүрлеген: ер адам 8 жылға сотталды
- авторТомирис Тоныкөк
- 26 желтоқсан, 2024