Қоғам
Ұшақ апатынан қаза тапқан 13 жастағы бала анасына бара жатқан
- автор Томирис Тоныкөк
- 26 желтоқсан, 2024
- 338
Мухаммедалиді ұшаққа әкесі шығарып салған
Ақтау маңында құлаған ұшақта 13 жасар әзірбайжандық Мухаммедали Фаридоглы Еганов та қаза тапты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Оқушы Грозныйға жаңа жыл мерекесін атап өтуге анасына бара жатқан.
Жасөспірімнің қазасы туралы әлеуметтік желіде оның сыныптастары жазды. Баку қаласының Хатай ауданында тұратын Мухаммедали №27 мектепте оқыған.
Белгілі болғандай, баланың анасының ұлты – шешен, әкесі Әзірбайжандағы ірі кәсіпкер – Фарид Еганов. Ұшақ құлағанда оның жанында жақындарынан ешкім болмаған.
Мухаммедалиді ұшаққа әкесі шығарып салған.
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
Адвокат Жанна Уразбахаваға қатысты қылмыстық іс қозғалды
- авторТомирис Тоныкөк
- 27 желтоқсан, 2024