Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Жаным ашиды»: Жанқош Тұраровтың әйелі Әнару Құрманәліге қатысты пікір білдірді

«Жаным ашиды»: Жанқош Тұраровтың әйелі Әнару Құрманәліге қатысты пікір білдірді
Сурет: Ашық дереккөздерден
“Мен текті жердің қызымын, менің тәрбием басқа” дейді

Боксшы Жанқош Тұраровтың әйелі Әнару Құрманәлиге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Блогер Клара Иса Әнарудың видеосына қатысты ойын айтты.

“Сол қызға қатысты тағы бір видеолар шығыпты. Өкінішті, әрине. Оларды көріп жатырмыз. Тағы да қайталап жібере бермеңіздер. Алла сана берсін. Адам ретінде шынымен жаным ашиды. Қаншама дүниелерден кейін  әлі де есін жимаған. Әлі де сабақ алмаған. Жасы болса 30-ға келді. Әкесіне обал. Бауыры да бар екен. Өзін ойламаса да осы кісілерді ойлау керек еді. Қайта-қайта кеудесін соғып отыр. “Мен текті жердің қызымын, менің тәрбием басқа” дейді. Бірақ камераға түсіп қалған видеоларын көріп отырмыз. Бәріміз де қыз өсіріп жатырмыз. Шын жүрекпен жаным ашиды. Осындай сөздерді айтпай-ақ қояйын дегенбіз, бірақ өздері соған жеткізді”, – деді блогер келіншек. 

Айта кетсек, бұған дейін боксшы Жанқош Тұраров қыз зорлады деп айыпталды. Алайда боксшы желідегі парақшасында ақпаратты жоққа шығарды. 

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар