Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ақмола облысында 12 жастағы бала әкесін өлтірді

Ақмола облысында 12 жастағы бала әкесін өлтірді
Сурет: ulpravda.ru
Әкесіне екі пышақ жарақатын салған

Ақмола облысында 12 жастағы оқушы әкесін пышақтап өлтірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Оқиға 27 желтоқсан күні Ақмола облысының Макинск қаласында түнде болған.

Ақмола облыстық полиция департаменті ақпаратты растады. Мәліметінше, кезекші бөлімге жедел жәрдем фельдшері “пышақ жарақатынан мерт болған адамның денесі табылғаны” туралы ақпарат берген. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері әкесі мен баласының арасында жанжал туындағанын анықтаған. 

«Әкесі 1977 жылғы, мас келіп, ұлын бірнеше рет басынан ұрған, сонда бала әкесіне екі пышақ жарақатын салған. Соның біреуі кеуде қуысына тиген», деп мәлімдеді полиция басқармасы.

Жарақаттан ер адам оқиға орнында қайтыс болды.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар