Оқушы ешқандай жазба қалдырмаған
10-сынып оқушысы өз қорасынан өлі күйде табылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Halyqstan-ға сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға Жамбыл облысы Байзақ ауданы Көкбастау ауылында болған. 10- сынып оқушысы өз қорасынан асылған күйі табылды.
15 жасар бала көп балалы отбасыдан шыққан. Ауылдастарының айтуынша, оның әкесі 4 жыл бұрын қайтыс болған. 6 баланы анасы ғана асырайды екен. Ауылдастары бұл отбасы туралы оң пікір білдіріп, балалардың тәбиелі, тәртіпті екенін айтып жатыр.
Оқушы ешқандай жазба қалдырмаған. Оның жеке заттары мен телефонынан күдікті ештеңе табылмады.
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
Инвестиции и таланты в приоритете: Казахстан улучшает миграционную политику
- авторkyn.kz
- 21 сәуір, 2026




