Саясат
Росавиация Ақтауда апатқа ұшыраған ұшаққа қатысты мәлімдеме жасады
- автор Томирис Тоныкөк
- 27 желтоқсан, 2024
- 410
“Росавиация” басшысы ұшақ апатын тергеуде Қазақстан мен Әзірбайжанға Ресейдің жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін айтты
Росавиация Әзірбайжан әуе жолдарының ұшағы неліктен Грозныйға қона алмағанын түсіндірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі ресейлік БАҚ-қа сілтеме жасап.
“Росавиация” басшысы Дмитрий Ядровтың айтуынша Ақтау маңында апатқа ұшыраған ұшақ «Ковер» режиміне байланысты жоспарланғандай Грозныйға қона алмаған.
Сонымен қатар, ол сол уақытта Грозныйда тұман болғанын атап өтті.
«500 метр биіктікте көрінетін жер болмады. Әуе кемесінің командирі ұшақты Грозныйға қондыруға екі рет әрекеттенген, алайда сәтсіз аяқталды», - дейді Росавиация басшысы.
Айтуынша командирге басқа әуежайлар ұсынылған, бірақ ол Ақтауға ұшуды ұйғарыпты.
Дмитрий Ядров ұшақ апатын тергеуде Қазақстан мен Әзірбайжанға Ресейдің жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін айтты.