Адвокат Жанна Уразбахаваға қатысты қылмыстық іс қозғалды
- автор Томирис Тоныкөк
- 27 желтоқсан, 2024
- 3.2k

Екі адвокатқа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Алматы полициясы мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі департаментке сілтеме жасап.
Олар сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерін заңсыз жариялады деген күдікке ілінген.
Полицияның хабарлауынша, бопсалау және алаяқтық бойынша қылмыстық іске байланысты тергеу деректерін жария еткені үшін адвокаттар У. және Б.-ға қатысты қылмыстық іс қозғалған.
"Аталған тұлғалар қылмыстық іс жүргізу заңнамасында белгіленген тыйымға қарамастан, БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы тергеу барысы туралы ақпарат таратқан. Бұл әрекеттер қылмыстық іс жүргізу нормаларына қайшы келеді", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар полиция адвокаттардың тергеу әрекеттеріне қасақана кедергі келтіргенін және процессуалдық шараларға қатысу міндетін елемегенін атап өтті.
Полиция қызметкерлері күдіктілердің бірі адвокат Жанна Уразбахова екенін растады.
Ұқсас жаңалықтар
Маңғыстау облысында екі әкім есірткіге қатысы бар деген күдікпен ұсталды
- авторТомирис Тоныкөк
- 18 қыркүйек, 2025
Алматыда жылу беру маусымы қашан берілетіні қашан басталатыны белгілі болды
- авторТомирис Тоныкөк
- 18 қыркүйек, 2025