Мәдениет
"Өзіме жиі сұрақ қоямын": Айгүл Иманбаева ерекше жазба жариялады
- автор Томирис Тоныкөк
- 30 желтоқсан, 2024
- 127
Жасалған нәрсе көп, жасамағаным одан да көп
Қазақстандық өнер иелері осы жылда жеткен жетістіктерін айтып, сонымен қатар бастарынан өткен қиын жағдайларды да еске алуда, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Айгүл Иманбаева жылды қорытындылап, 2024 жылға өкпесі жоқ екенін жеткізді.
"Жылдың аяқталуына санаулы күндер ғана қалды. Әдеттегідей жылды қорытындылайтын уақыт. Жасалған нәрсе көп, жасамағаным одан да көп. Бәріне алғысым шексіз жаратқанға. "Мен кіммін?" "Қайда барам?", "Менің ең соңғы аялдамам қандай?" деген сұрақтарды өзіме жиі қоямын. Не алдым? Не беремін? Әрине бұл жолда тек бір жаратушымнан қуат, денсаулық сұрап, тек даму жолында болу керектігін түсінесің", - деп жазды актриса Instagram-дағы парақшасында.