Қоғам
Жаңа жыл кешінде қанша бала дүниеге келгені белгілі болды
- автор Томирис Тоныкөк
- 1 қаңтар, 2025
- 216
Туу бойынша көшбасшылардың үштігін Шымкент қаласы жабады
Жаңа жыл қарсаңында республиканың перзентханаларында 181 бала дүниеге келді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
Оның ішінде 105 ұл мен 76 қыз, Маңғыстау облысында бір егіз.
"Мереке түнінде туған нәрестелердің ең көп саны Түркістан облысында тіркелді – 34 сәби, екінші орында – Алматы қаласы мен Алматы облысы, онда 17 жаңа туған нәресте дүниеге келді. Туу бойынша көшбасшылардың үштігін Шымкент қаласы жабады, мұнда 16 отбасы балалы болды", – деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.
Республиканың астанасында жаңа жыл қарсаңында дәл осы күні өткен жылдағыдай 10 сәби дүниеге келген.
Келесі мақала