Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ақтауда ұшақ апатынан аман қалған әйелін көрген ер адам көзіне жас алды (ВИДЕО)

Ақтауда ұшақ апатынан аман қалған әйелін көрген ер адам көзіне жас алды (ВИДЕО)
Сурет: АПА
Ол ауруханаға жеткізілген жұбайын көруге барған

Ақтауда ұшақ апатынан аман қалған әзірбайжандық Нурулла Сираджов жұбайы Муслюмат Сираджовамен ұзақ уақыттан соң кездесті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Бұл қуанышты жаңалықты Yeni Klinika медициналық мекемесінің баспасөз хатшысы Нурида Аллахъярова Facebook әлеуметтік желісінде бөлісті.

Н.Сираджов ауруханаға жеткізілген жұбайын көруге барған. Ол палата есігінің алдында тұрып, көзіне жас алған.

Айта кетсек, Сираджовтар отбасы 25 желтоқсанда Бакудан Грозныйға ұшатын рейс кезінде ұшақта болған. Нурулла Сираджов апат кезінде жұбайы Муслюмат қасында отырғанын, бірақ есін жиғанда оны көрмегенін айтқан болатын.

Алғашқыда әйелдің апатта қаза болғаны туралы ақпарат тараған. Бірақ кейін оның аты тірі қалғандар тізімінен табылды. Ол Қазақстанда емделіп, 30 желтоқсанда Yeni Klinika ауруханасына эвакуациялаған.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар