Алматыдағы кафеде жоғары оқу орындарының бірінде оқитын шетелдік студенттері арасында жанжал шықты. Оның арты жаппай төбелеске ұласқан, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы бейнеленген видео әлеуметтік желілерде тарады. Бейнежазбада бірнеше жігіттің бір-бірімен төбелесіп жатқанын көруге болады. Олардың қолында дубинка да барын байқауға болады.
Алматы қаласының полиция департаментінің мәліметінше, барлық азаматтар Медеу аудандық полиция басқармасына жеткізілген.
"Олардың әрқайсысының әрекетіне құқықтық баға беріледі. Бұрқақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қосымша мән-жайлар анықталуда", – деп хабарлады ведомстводан.
Әлеуметтік желіде төбелеске қатысушылардың бірі басынан ауыр жарақат алып, жедел жәрдеммен кафеден ауруханаға жеткізілгені жазылған.
Алматыдан 353 шақырым жерде жер сілкінісі болды
Ұқсас жаңалықтар
Түркістан облысында атыс болып, 17 жастағы жасөспірім қаза тапты
- авторТомирис Тоныкөк
- 4 қараша, 2025
Жаңа жылда ет бағасы өсе ме?: Ауыл шаруашылығы министрі жауап берді
- авторТомирис Тоныкөк
- 4 қараша, 2025




