Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Екі бауырымнан айырылған маған да оңай емес»: Шерзат Болаттың әпкесі кешірім сұрады (ВИДЕО)

«Екі бауырымнан айырылған маған да оңай емес»: Шерзат Болаттың әпкесі кешірім сұрады (ВИДЕО)
Сурет: Ашық дереккөздерден
Ол қазақ халқына алғысын білдірді

Талғарда аясуыз өлтірілген марқұм Шерзат Болаттың әпкесі Бақыт Реймова халықтан кешірім сұрады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Айтуынша, оны ешкім қорқытып кешірім сұратып жатқан жоқ.

«Сіздерден кешірім сұраймын, артық кеткен жерлерім болса. Мені де түсініңіздер. Екі бауырымнан айырылып отырған маған да оңай емес. Сол күні ашу үстінде болдым. Қанша ашу, ыза. Біреу қорқытып жатыр, айтқызып жатыр деп ойламаңыздар. Мен де өз қателігімді білемін. Керісінше, қазақ еліне басымды иемін. Рахметімді айтамын. Қаншама қолдауларыңызға. Елден кетпес үшін маған дұға жасап жатқан кісілер бар екен. Сондықтан сіздерде рахмет», - дейді әпкесі.

Осыған дейін Бақыт Реймованың 15 тәулікке қамалғаны және елден шығарылатыны туралы жазған едік. Анасының елден шығарылмауын өтініп жалғыз ұлы үндеу жасаған болатын.

Ал Реймованың адвокаты қорғаушысы Ресейде дүниеге келгенін және сол елге шығарылуы мүмкін екенін айтқан еді.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар