Басты жаңалықтар
Алматыдан 353 шақырым жерде жер сілкінісі болды
- автор Томирис Тоныкөк
- 2 қаңтар, 2025
- 205
Жер сілкінісінің ошағы Қытайда, Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 353 шақырым жерде орналасқан
2 қаңтарда Астана уақыты бойынша сағат 09:40-та Қазақстанмен шекаралас аумағында жер сілкінісі болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
ТЖМ сейсмикалық стансалар желісі жер сілкінісін тіркеді.
Жер сілкінісінің ошағы Қытайда, Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 353 шақырым жерде орналасқан.
Геофизикалық зерттеулер институты деректер орталығының мәліметінше, жер сілкінісінің магнитудасы 4,8 балл болған. Энергетикалық классы – 10,9. Тереңдігі – 12 шақырым.
Ұқсас жаңалықтар
Басты жаңалықтар
Ақтаудағы ұшақ апаты: Бозымбаев мәлімдеме жасады
- авторТомирис Тоныкөк
- 24 қаңтар, 2025
Басты жаңалықтар
«-2 градус жылы»: демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы
- авторТомирис Тоныкөк
- 24 қаңтар, 2025