Өрттің шығу себептері анықталып жатыр
Алматыдағы «Москва» сауда, ойын-сауық орталығында өрт шықты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
«Жаңа ғана Алматының өрт сөндірушілері Әуезов ауданындағы сауда, ойын-сауық орталықтарының біріндегі шатырдағы құбырының электр қозғалтқышындағы өртті сөндірді», - деп хабарлады ТЖМ.
Куәгерлердің айтуынша, Абай көшесі уақытша жабылған. Оқиға орнына полиция, жедел жәрдем көліктері мен өрт сөндіру қызметтері келген. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр.
Құтқарушылар мән-жай анықталып жатқанын және зардап шеккентер туралы ақпарат түспегенін айтады.
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
Алматыда Dostyk Plaza сауда орталығынан адамдар эвакуацияланып жатыр
- авторТомирис Тоныкөк
- 2 қараша, 2026




