Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Жалғыздық - әр түрлі көңілдес…»: Ақботнұр Сейітмағамбет жазбасымен көпшілікті ойландырып қойды

«Жалғыздық - әр түрлі көңілдес…»: Ақботнұр Сейітмағамбет жазбасымен көпшілікті ойландырып қойды
Сурет: Ашық дереккөздерден
Ол өлеңдегі сөздер жанына жақын екенін айтты

Әнші, актриса Ақботнұр Сейітмағамбет Instagram парақшасында бақыт және жалғыздық туралы жазба жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында ақын Ақжол Түменбайдың бөлісті. Сонымен қатар ақын оның жан дүниесін дәл суреттейтінін атап өткен.

«Уақытты жеңуге болады,

Арылып өкініш, әттеңнен.

Бақытты болуға болады,

Өзіңе ұнайтын сәттермен.

 

Алматы жалғыздар қаласы,

Таулардан тағдырдың күйі ақты.

Көзіңнің ағы мен қарасы,

Күйсандық пернесі сияқты.

 

Жүрегім тыныштық табатын,

Сен жайлы әлемде жоқ нота.

Махаббат күйдірген қанатын,

Аққудың баласы Ақбота.

 

Жақсы көр, жан беріп-жан алыс,

Мына әлем өте лас, өте шу.

Мен үшін күздегі романс,

Сенімен бір шыны кофе ішу,

Өмірде өзіме адалмын,

Мен сені айтпай ақ түсінем,

Көздері күлетін адамның,

Жүрегі жылайды ішінен.

 

Сен бірақ жылама, мұңайма,

Сәбидей сүйкімді күл мейлі.

Жалғыздық ұнай ма Құдайға,

Оны ешкім білмейді…

Адамды сүюге ар керек,

Арызың болмасын өмірге еш.

Жаныңды түсінер жар керек,

Жалғыздық - әр түрлі көңілдес…» - деп жазды актриса.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар