Алматыда ерлі-зайыптыны атып, қашып кеткен адам ұсталды
- автор Томирис Тоныкөк
- 7 қаңтар, 2025
- 727
Алматыда полицейлер Наурызбай ауданындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде ерлі-зайыптыға шабуыл жасаған қылмыскерді ұстады, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Бұл оқиға 2024 жылдың 20 желтоқсанында болған.
Ерлі-зайыпты тұрғындар ауыр жарақат алған. Қазір олар ауруханада жатыр. Бұл қылмысты ашу мақсатында жедел-тергеу тобы құрылды. Шабуыл жасаған адамның кім екені анықталды. Бұл – Жетісу облысының 38 жастағы тұрғыны. Ол бір күн бұрын ұсталып, қамауға алынды.
Күдікті жақында ғана өзі барып, жаңа жиһаздарын орнатып берген ерлі-зайыптыны тонамақ болған. Сол кезде үйдегі сейфті байқап қалған. Бетін медициналық маска және шарфпен жасырып, жұма күні таңертең олардың есігінің қоңырауын басқан. Жәбірленушілерді тапаншамен қорқытып, олардан ақша беруін талап еткен. Алайда отағасы көмекке шақыра бастаған. Осы кезде күдікті ерлі-зайыптыны атып, қашып кеткен.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Қылмыстың басқа да мән-жайлары анықталады.