Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ақтауда бойжеткен көз жұмды: бірнеше ер адам жас қызға мефедрон беріп, зорлаған

Ақтауда бойжеткен көз жұмды: бірнеше ер адам жас қызға мефедрон беріп, зорлаған
Сурет: liter.kz
Жас қыз жұмыстан үйіне бара жатқан жерінен, бес ер адам оны көлікке күшпен отырғызған

Ақтауда бірнеше ер адам бойжеткенге мефедрон беріп, зорлаған. Артынша, жәбірленушіні қорқытып, несие алдыртқан, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы nemolchikz_official парақшасында жарияланды. Дина Таңсәрінің сөзінше, бұл қайғылы оқиға жайлы Ақтаудағы БАҚ өкілдері «қыз құлап қаза тапты» деген ақпарат берген. Полиция өзіне қол жұмсауға итермелеу бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

«Мереке қарсаңында марқұмның ағасы келген болатын. Қыз спортшы және фитнес-тренер болған. 14 мамыр күні жұмыстан соң үйіне жалғыз қайтып бара жатқан қызды бірнеше ер адам ұрып-соғып, күшпен көлікке отырғызған. Көзін байлап, оны қорқытып, түні бойы жанармайда ұстаған. Көліктегі зорлаушылардың бірі қызға қинап мефедрон берген. Оның әйелі, баласы бары анықталды. Таңға жуық жәбірленушіден каспий арқылы 2 миллион теңге несие алдыртқан. Ең басты зорлаушы болған жайтты ешкімге айтпауын ескертіп, қызды қорқытып, қалаға тастап кеткен. Бойжеткен бірден құрбысына айтады. Ол да ағасына хабарлаған. Ер адам бірден әлгі қылмыскерлердің тоқтаған жанармай бекетін анықтайды. Сол уақытта қарындасына хабарласып, соғына дейін күресетіндерін жеткізген. Қыз да арыз жазуға келісімін береді. Бірақ сол мезетте-ақ қыз құрбысының көзінің алдында терезеден өзін тастап жіберген», - деп жазды Дина Таңсәрі.

Айтуынша, жәбірленуші 3 күн өткен соң 9-қабаттан секіріп, қайтыс болды. Бірақ қызды зорлаған 5 қылмыскердің 4-еуі 3-4 жыл ішінде шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін екенін айтады. Сондықтан #НеМолчиKZ бұл істі Бас прокуратура @prokuratura.govkz мен Жоғарғы сот @jogargy_sot бақылауына алуды талап етеді.

 

 

 

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар