Адвокаттары Нұрқанаттың өлімі бойынша сот алды тергеудің қалай жүріп жатқанын айтты
- автор kyn.kz
- 8 қаңтар, 2025
- 254
Талғарда қаза тапқан Шерзат Болаттың адвокаттары Шерзаттың ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевтың қайтыс болу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеудің қалай жүріп жатқаны туралы айтып берді, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі Orda.kz- ке сілтеме жасап.
Еске сала кетейік, 9 желтоқсанда Талғар маңында 30 жастағы ер адамның денесі табылды. Ер адам қаза тапқан 16 жасар Шерзат Болаттың ағасы Нұрқанат Ғайыпбаев болып шықты.
Адвокаттар тергеудің қалай жүріп жатқанын айтып, көрермендердің сұрақтарына жауап берді.
Нұрқанат Ғайыпбаевтың қазасы ҚР ҚК 105-бабы өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу бабы бойынша тергеліп жатыр.
«Қазіргі кезеңде сот медициналық сараптамасының қорытындысын күтіп отырмыз. Оны алған соң тағы қосымша ақпарат береміз», дейді адвокат Асылбек Әбдірайымов.
Сондай-ақ, зардап шеккен отбасы мүшелерімен білікті психологтар жұмыс істеп жатыр. Олар кейінгі уақытта марқұмдардың туыстарының психологиялық жағдайлары тұрақтанғанын мәлімдеді.
«Осы отбасында қысқа уақыт ішінде болған қайғылы жағдайларды ескерсек, жәбірленуші отбасы мүшелерінің психологиялық жағдайлары тұрақтанып, тергеу әрекеттеріне енді ғана қатысуға дайын болды. Яғни, оларға бастапқы кезеңдерге қатысу қиын болар еді, қазір белгілі бір білікті мамандардың көмегімен жәбірленушілер жауап беруге дайын»,
деп мәлімдеді адвокаттар.
Шерзаттың әкесі - Қаржаубай Нұрымов қазір үйінде отбасымен бірге. Адвокаттардың өтініші бойынша ол барлық жерде күзетпен жүреді. Үйі де қорғалған.
Өртенген үйге қатысты тергеу аяқталуға жақын. Қазір олар Нұрқанаттың қырқын өткізуге дайындалып жатыр. Психологтар балалармен және отбасы мүшелерімен жұмыс істейді.
Сондай-ақ, адвокаттар тергеу барысына ешқандай шағым жоқ екенін, сотқа дейінгі тергеуді тәжірибелі тергеушілер объективті түрде жүргізіп жатқанын айтты.