Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Таразда ер адам мен әйел үйдің бесінші қабатының терезесінен секірген

Таразда ер адам мен әйел үйдің бесінші қабатының терезесінен секірген
Сурет: istockphoto.com
26 жастағы ер адамның жағдайы ауыр

Тараздық екі тұрғынның түнгі көңіл көтерісі трагедиямен аяқтала жаздады. Ер мен әйел адам көпқабатты үйдің бесінші қабатынан бірге құлап кетті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі КТК жаңалықтарына сілтеме жасап.

Тұрғындардың тәтті ұйқысын дүрс еткен дыбыс бұзған. Сөйтсе, бесінші қабаттан 26 және 38 жастағы екі адам құлап кетіпті. Абырой болғанда екеуі де жапсарлас салынған құрылыстың шатырына түскен. Ауыр жарақат алып аман қалғандарды құтқарушылар жерге түсірді. Куәгерлердің айтуынша, екеуі де мас болған. Олардың не себепті терезеден секіргені белгісіз. Қазір жергілікті полиция мән-жайды анықтауға кірісті.

«26 жастағы ер адамның жағдайы ауыр. Жамбас  сүйегі сынып, жансақтау бөлімінде жатыр. Ал әйелдің аяғы сынып, жамбасына зақым келген. Жағдайы орташа ауыр. Қазір жағдайы тұрақталып келеді», - деді Тараз көпбейінді аурухананың жарақат бөлімінің дәрігері Мислим Ризманов.
 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар