Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ақтауда 5 ер адам жабылып зорлаған қызға қатысты тың дерек шықты

Ақтауда 5 ер адам жабылып зорлаған қызға қатысты тың дерек шықты
Сурет: ztbnews.kz
Қызды түні бойы азаптап, қорқытқан, зорлық-зомбылық көрсеткен, жанармай бекетінде күшпен ұстап отырған

Ақтауда көз жұмған Алина есімді қыздың өліміне қатысты жаңа мәліметтер пайда болды. Бұл туралы ZTB NEWS парақшасында жарияланды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Өткен жылдың мамыр айында қыз өзіне қол жұмсаған. Өлерінен бір күн бұрын ол ауыр қылмыстың құрбаны болған. Бейтаныс ер адамдар оны жұмыстан қайтып бара жатқан кезде ұрлап әкеткен. Марқұмды соққыға жыққан. Қинап мефедрон беріп,  зорлаған. Қылмыскерлердің барлығы мефедрон қолданған. Екі миллион теңгеге несие рәсімдеуге мәжбүрлеген.

Алинаның әпкесі басылымға эксклюзив сұхбат беріп, оқиғаның қалай өрбігінен айтты. Сонымен қатар сот шешімі неліктен әділетсіз болғанын айтты.

"14 мамырда ол жұмыстан кейін үйге келе жатқан. Сол уақытта бейтаныс бес ер адам оны күшпен көлікке отырғызған. Тергеу кезінде қылмыскерлер оны жігіт деп ойлағанын айтып ақталды", – деді марқұмның әпкесі.

Олар қызды түн бойы азаптап, қорқытқан, зорлық-зомбылық көрсеткен, жанармай бекетінде күшпен ұстап отырған.

Күдіктілердің бірі - 1991 жылы туған ер адам, үйленген, баласы бар. Ол тергеу кезінде мефедрон алғаш қолданып көргенін және ештеңе есінде жоқ екенін айтқан. Ол кінәсін мойындамаған. Қалған төртеуі бәрін айтып берген.

Қылмыстарын жасап болған соң қызды қалаға әкеліп, болған жайтты айтса, өлтіретінін айтып қорқытқан.

"Өзіне қол жұмсамастан бұрын Алина бәрін құрбысына айтып берген. Құрбысы оны ағасына айтуға көндіреді. Алина қылмыскерлерді жазалау үшін соңына дейін баратынын айтқан. Ағасы бұл туралы анасына айтуды сұраған, бірақ Алина ұялған", – деді марқұмның әпкесі.

Бұл сұмдыққа көне алмаған қыз құрбысының көз алдында терезеден секіріп кеткен.

"Алина өз жұмысын жақсы көретін, саяхаттауды армандайтын. Бос уақытында кітап оқып, фильмдер көретін. Оның марафондардан алған медальдары көп", – деді әпкесі.

Іс сотқа жеткен, бірақ марқұмның туыстары қылмыскерлерге қатаң жаза тағайындауды талап етіп отыр.

"Біз басты қылмыскердің өмір бойына бас бостандығын айыруды, қалған төртеуіне 15-20 жыл жаза сұраймыз", - деді Алинаның әпкесі.

Сот жабық режимде өтті. Туыстарының айтуынша, сот процесінде судья айыпты қайта қараған, себебі қыз өз-өзіне қол жұмсаған. Қайтыс болған қыздың туыстары апелляцияға берген. Олардың айтуынша, төрт қылмыскер бірнеше жылдан кейін шартты түрде мерзімінен бұрын босап шығуы мүмкін.

Олар қылмыскерлерде интернетке кіру мүмкіндігі бар екенін де айтып отыр. Алинаның әпкесінің сөзінше, олар әлеуметтік желілерде белсенді, өз парақшаларын жүргізіп отыр.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар