Қарағандыда 9 қаңтарға қараған түні тұрғын үйден өрт шығып, екі бала қаза тапты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Өрт Пришахтинская көшесіндегі тұрғын үйден шыққан. Көміртегі тотығынан улану және күйік салдарынан екі бала көз жұмған. Олардың 2 және 4 жаста болғаны белгілі болды.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі мәліметінше, 7 және 9 жастағы екі бала өртенген үйден өз бетінше шығып үлгерген.
"Жеке тұрғын үйдің бір бөлігінде шатыр, төбе және үйдегі заттар өртенген. Құтқарушылар келгенге дейін 2017 және 2015 жылы туған екі бала өздігінен шығып үлгерген, алдын ала мәлімет бойынша олар көміртегі тотығынан улану диагнозымен балалар ауруханасына жеткізілді. Оқиға орнына дереу келген өртсөндірушілер 1964 жылы туған әйелді құтқарды. Ол улану, күйік диагноздарымен Мақажанов атындағы клиникаға жатқызылды. Сондай-ақ, құтқарушылар 2020 және 2022 жылы туған екі баланың денесін тапты", - деді Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі өкілі.