“Офицер боламын”: Мадина Сәдуақасова әнші болуды армандамаған
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 12:05
- 209
Белгілі әнші Мадина Сәдуақасова қалай әнші болғаны туралы ел білмейтін шындығымен бөлісті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Өнер иесі офицер атануды армандаған. Бұл туралы ол "Замандастар" бағдарламасында.
"2000 жылы барлығымыз президент оркестрінде жұмыс істедік. Менің өмірімдегі ең керемет кезең. Өйткені мен мүлдем эстрадалық ән айтқан жоқпын. Сол кезде ұлттық аспаптармен әндер орындайтынмын. 2003 жылы Астанаға композитор Ермек Елгезеков келеді. Ол маған Алматыға көшу туралы айтады. "Мен көшпеймін. Қазір сержантпын, әлі офицер боламын" деп айтамын. Әскери адамдардың арманы сол ғой. Ол кісі қоймай, маған ән жазып беретінін айтты. Жарты сағаттың ішінде сөздерін жазды. Түнімен аранжировкасын жасапты. "Ән келді, түнімен өңдедім. Сен келген кезде сөздер де келді. Енді дауысыңды басып бер" деді. Ол "Махаббат жалыны" әні болды. Мен жаздым, ол кісі әнді Алматыға алып кетті. Бұл әннің тұсауы Санкт-Петербург қаласында Шұғыла Сапарғалиқызының кешінде кесілді. Халық өте керемет қабылдады", - деді Сәдуақасова.