Мәдениет
«Тағдырлы Мақпал»: Мейрамбек Бесбаев Мақпал Жүнісоваға өлең арнап, туған күнімен құттықтады
- автор Томирис Тоныкөк
- 12 қаңтар, 2025
- 2.1k
Мақпал Жүнісованы туған күнімен құттықтады
«Музарт» тобының әншісі Мейрамбек Бесбаев өнердегі әпкесі Мақпал Жүнісоваға өлең арнады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Өлеңді әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Халық әртісімен бірге түскен суретін бөлісіп, оны туған күнімен құттықтаған.
«Мақтаулы Мақпал,
Тәтті әнді Мақпал!
Тербеткен ән боп,
Бақтарды Мақпал!
Ақжүрек Мақпал,
Ән - жүрек Мақпал!
Ел үшін туған,
Елжіреп Мақпал!
Тағдырлы Мақпал,
Ән - жырлы Мақпал!
Сахна сәні,
Сан қырлы Мақпал!
Нәзік үн Мақпал,
Сазы - мұң Мақпал!
Әніңмен егіз,
Әзілің Мақпал!
Күлкің-ай, Мақпал,
Шіркін-ай, Мақпал!
Сақтасын сұқтан,
Бір Құдай, Мақпал!
Әпкетайым туған күніңізбен!», - деп жазды Мейрамбек Бесбаев.
Келесі мақала