Қоғам
Астанада әйеліне ренжіген ер адам 5 күн қамауға алынды (ВИДЕО)
- автор Томирис Тоныкөк
- 12 қаңтар, 2025
- 1.4k
Ер адамға қатысты ұсақ бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік іс қозғалған
Астанада әйеліне ренжіген ер адам көпқабатты ғимараттың төбесіне шығып алды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Аталмыш видео желілерде таратды. Биік ғимараттың төбесіне шығыпғ, аяғын салбыратып отырғанын байқауға болады.
Полиция департаментінің хабарлауынша, ер адамға қатысты ұсақ бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік іс қозғалған. Сот 36 жастағы ер адамға бес тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу жазасын тағайындады.
Оқиға ер адамның әйелімен болған жанжалдан кейін орын алған.