Атырауда мұғалім педагогикалық кеңестен кейін суицид жасамақ болды
- автор Томирис Тоныкөк
- 13 қаңтар, 2025
- 166
Атырауда мектеп мұғалімі педагогикалық кеңесте балағат сөздер естіген соң өзіне жұмсамақ болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады. Ақпаратқа сенсек, қаладағы №37 мектептің мұғалімін көпшіліктің көзінше алаяқ деп айыптап, балағаттаған көрінеді.
"Мені педагогикалық кеңесте балағаттады. Бұған дейін директор оның "қолының сұғанақтығы бар" деп айтқан еді. Бұл – масқаралау, сондықтан басқа амал болмады", – дейді зардап шеккен әйел.
Оқу-ағарту министрлігі білім сапасын қамтамасыз ету комитетінің дерегіне сәйкес қазір іс бақылауда, арнайы комиссия құрылған.
"Құрамында қалалық және Атырау облыстық білім басқармасының өкілдері, оқу-ағарту министрлігінің білім сапасын қамтамасыз ету бойынша аймақтық департаментінің өкілдері бар комиссия құрылды. Министрліктің аймақтық департаменті педагогикалық этика бойынша жоспардан тыс облыстық кеңес өткізеді. Кеңес қорытындысы бойынша тиісті шаралар қабылданады", – делінген министрліктің Tengrinews.kz портасына берген жауабында.
Қазір мұғалімнің жағдайы тұрақты. Оған тиісті психологиялық көмек көрсетіледі.
Ұқсас жаңалықтар
Алматыдағы көпқабатты үйден табылған сәбидің анасы ұсталды
- авторТомирис Тоныкөк
- 31 қаңтар, 2025