Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

“Менің мықты, ақылды болғанымнан”: Жазира Байырбекова өз ойымен бөлісті

“Менің мықты, ақылды болғанымнан”: Жазира Байырбекова өз ойымен бөлісті
Сурет: ашық дереккөздерден
Бір қызығы, жетістікке жетіп, өсіп жатқан жігіттер әйелінің осы ойына сенеді, мойындайды, әйелін құрметтейді

Белгілі әнші Жазира Байырбекова ер адамның жетістігі әйелінің арқасы деген сөзге келіспейтінін жеткізді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Айтуынша, көп ер адамдар шынымен де әйелінің арқасында жетістікке жеткеніне сенеді.

"Күйеуі еңбекқор, табысты, абыройлы, жетістікке жетіп жатқан келіншектер күйеуінің осындай дәрежеге жеткені менің мықты, ақылды болғанымнан. Яғни күйеуімді осылай мен жасадым деп жатады әйелдер арасында. Бір қызығы, жетістікке жетіп, өсіп жатқан жігіттер әйелінің осы ойына сенеді, мойындайды, әйелін құрметтейді", - деп жазды ол. 

Әнші күйеуінің еңбекқор болуы әйелге байланысты емес. 

"Өзгергісі, дамығысы, өскісі келмейтін, жалқау, қырсық, керітартпа жігіттерді өзгерту әйелдің қолынан келе ме? Қалай ойлайсыздар? Ер адамның табысты, мейірімді, отбасына қамқор болуы үйленгенге дейінгі болмысы сияқты менің ойымша", - деп жазды Жазира Байырбекова. 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар