Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Алманы жедім, содан кейін ештеңе есімде жоқ»: қызылордалық бойжеткен өзін Антикор және ҰҚК қызметкерлері зорлағанын айтты

«Алманы жедім, содан кейін ештеңе есімде жоқ»: қызылордалық бойжеткен өзін Антикор және ҰҚК қызметкерлері зорлағанын айтты
Сурет: Видеодан скриншот
танысы қызға шарап құйып, оның дәмін сұраған

Қызылордалық әйел  өзін Антикор және ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметркерлері зорлағанын айтты. Сөзінше, олар 21 жастағы бойжеткенді пәтерге алдап шақырған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Ztb News телеграм арнасына сілтеме жасап.

Досына қонаққа барған Малика сол жерде Дарын есімді жігітпен танысады. Ол өзінің «Антикорда» өзінің жұмыс істейтінін айтқан. Сөйтіп желтоқсан айтында ер адам қызды үйіне шақырған. Айтуынша, жұмысқа орналастыру мәселесін алға тартыпты.

«Үйінде Ержан есімді ағасы болатынын айтты. Мен келгенде екеуі болды. Сөйтіп шарап ашып, маған оның дәмі туралы сұрақтар қоя берді. Екеуі сол кезде ас үйге қайта-қайтар барды. Содан маған алма берді. Қалай алманы жедім, басқа ештеңе есімде жоқ. Есімді жисам, біреуі үстімде жатқанын көрдім», – дейді Малика.

Қазіргі кезде бірінші сот өтірісі өткен. Екеуі де қызбен жыныстық қатынасқа түскенін мойындаған. Ол өзінің әділдікке жеткісі келетінін айтады.

«Бірінші сот отырысы өтті. Енді екінші отырысты күтіп отырмыз. Сот-медициналық сараптамадан өттім. Бұл жігіттер менімен өзара келісім бойынша жыныстық қатынасқа түстік дейді», – дейді бойжеткен.

Жәбірленушінің қорғаушысы ер адамдардың бостандықта жүргенін және бұл істің бұрмаланып кетуінен сескенетінін жеткізді.

«Маликадан әлі күнге дейін есірткі заттарын немесе басқа да препараттарды, химиялық заттарды және т.б. анықтау үшін қан алынбаған. Біз дәлелдер бұрмаланып кете ме деп қорқамыз. Бұл жігіттер әлі бостандықта жүр», – дейді заңгер Азамат

Ал Антикор өз қызметкерлерінің зорлау ісіне қатысы бар деген ақпаратты жоққа шығарды.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қыз зорлады деген күдікке ілінгендердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері емес екенін хабарлайды», – делінген ресми хабарламада.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар