Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Шерзат Болаттың өлімі: Абзал Құспан іс сотқа алдағы аптада жіберілетінін айтты

Шерзат Болаттың өлімі: Абзал Құспан іс сотқа алдағы аптада жіберілетінін айтты
Сурет: parlam.kz
Сарапшылар маңызды сараптаманы уақытында аяқтап үлгермейді

Мәжіліс отырысында депутат, заңгер Абзал Құспан Шерзат Полаттың өліміне қатысты қылмыстық іс қашан сотқа жіберілетінін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Айтуынша, прокуратура органдары сот алдында іске қатысты брифинг өткізеді.

"Өткен жылдың желтоқсанында бізге "Қаңтар айының соңына дейін қылмыстық істі аяқтап, сотқа жібереміз" деп айтылды. Іс бойынша күдіктілердің бәрі қамауда, олардың әрқайсысына қатысты құқықтық баға берілген. Әзірге ақпарат – осы. Менің ойымша, келесі аптада болмаса, одан кейінгі аптада іс сотқа жолдануға тиіс. Прокуратура органдары сот алдында осы іске қатысты брифинг өткізеді. Бұл маған жеткізілген ақпарат", – деді Абзал Құспан.

Журналистер Абзал Құспаннан Ішкі істер министрлігінің өкілдері қылмыстық іс 2024 жылдың соңына дейін сотқа жіберілуі мүмкін екенін мәлімдегенін, алайда неліктен кешіктірілгенін сұрады.

"Тергеу барысында қиындықтар болады. Мен де прокуратура органдарында қызмет атқардым, адвокат болдым. Кейбір жоспарлар орындалмай жатады. Себебі, мысалы, тергелуге тиіс куәгер келмей қалады. Сарапшылар маңызды сараптаманы уақытында аяқтап үлгермейді. Ал ол куәгер болмаса немесе сараптама нәтижесі шықпаса, іс сотқа жіберіле алмайды", – деп түсіндірді Абзал Құспан.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар